Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Поляк ұлттық-мәдени орталығы

КЕЛІСІМНІҢ АРҚАСЫНДА КІШІ МЕМЛЕКЕТТЕР ӨСЕДІ,

КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕН ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАР ҚУЛАЙДЫ

Г. Сенкевич

Поляктар, әуелгі атауы поляктар. Поляк тілі славян тілдерінің батыс тармағына жатады.

Қазақстанның аймағында поляктар алғашқы рет XVIII-XIX ғасырда пайда болған. Бұлар азаттық қозғалысына қатысушылар, соның ішінде 1830 және 1863 жылдардағы көтеріліске қатысқандар болған.

Украина мен Белоруссиядан 1936 жылы жаппай депортацияға ұшырағаны Қазақстан поляктарының тарихында ұзақ жылдар ақтаңдақ болып келді. Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында 250 мыңға жуық поляк жер аударылған. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 47297 поляк, соның ішінде Қарағанды облысында 5572 сол ұлттың өкілдері тұрады.

Қарағанды облыстық "Полония" поляк қоғамы алғашқылардың қатарында 1991 жылы құрылған. Оның тұңғыш төрағасы Франц Николаевич Богусловский болған. Поляк қоғамының негізгі қызметі білім беру, мәдени-ағарту жұмыстары, поляк салт-дәстүрлерін жаңғырту, көрме, концерт, конкурс, кештер өткізу, көркем өнерпаздықты дамыту, Польшаның жоғары және орта оқу орындарында оқуға жастарды даярлау. "Полонияның" мүшелері облыстық көлемдегі барлық шараларға белсене қатысады.

"Сковронки" әйелдер вокальдық тобы, Э. Надобко басқаратын би үйірмесі облысқа белгілі болды.

Қазақстан мен Польша Білім министрліктерінің арасындағы келісімге сәйкес 10 жылдан бері Қарағанды мектептеріне Полышдан мұғалімдер келіп, үлкендер мен балаларды ана тілінде оқытады. Қарағандының үш орта мектебінде және Теміртаудағы гимназияда поляк тілінің курсы жүмыс жасайды. Бүгінде Польшаның жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 70-тен астам адам оқиды, соның ішінде құқық пен медицина тәрізді дәрежелі факультеттерінде оқитын қарағандылықтар көп. Олардың көпшілігі еуропа континентінің шығыс бөлігіндегі байырғы оқу орындарының бірі Краков университетіне түскен. Жыл сайын Қазақстанға Польшаның жетекші университеттерінің профессорларынан қабылдау комиссиясы келіп, мектеп бітірген біздің оқушылардан поляк тілінде сынақ қабылдайды. Мысалы, ерекше үлгідегі аттестатпен Т. Әубәкіров атындағы мектеп-гимназияны бітірген С. Галимский сынақтан ойдағыдай өтіп, Польшаға оқуға түсті. Бүгінде ол Краковтағы Станислав Сташица атындағы кен-металлургия академиясының студенті.

Жыл сайын поляктың "Веспульнота Польска" гуманитарлық акциясы жазғы каникул кезінде поляк тілін үйреніп жүрген балалар үшін Польшаның лагерлеріне баруды ұйымдастырады. Біздің облыстан 20-25 бала өз бабаларының тарихи отанымен танысып, демалады. Олар Польшаның тарихын тереңірек біліп, жергілікті тұрғандармен әңгімеде тілін баиытады. Сонымен бірге "Веспульнота Польска" балалар мен үлкендер үшін тілді тез үйрену курсын ұйымдастырып, оның барысында экскурсиялар жасалып, поляк халқының мәдениеті, салт-дәстүрлерімен таныстырады.

Екі мемлекеттің ынтымақтастың аясындағы білім бағдарламасының перспективалығын мына факт көрсетеді. "Полония" қоғамы мен облыстық білім департаменті "Қазақстанда қазақ тілін оқыту жағдайы және перспективасы" деген тақырыпта поляк мүғалімдерінің конференциясын өткізді. Польша мен Қазақстанның Білім министрліктерінің келісіміне сәйкес поляк жағы жыл сайын аймақтың мәдениет орталықтарын оқытушы құраммен қамтамасыз етеді. Тілді тегін үйрену құқын поляк ұлтының ғана емес, тілек білдіруші үлкендер мен балалар пайдалана алады.

1996 жылы Теміртауда "Nadzieja" деген поляк ұлттық-мәдени орталығы құрылды (поляк тілінен аударғанда "Үміт"). Оған Петр Бернардович Яворский басшылық етті.

"Полония" поляк ұлттық-мәдени орталығы аймақтың өміріне белсене араласып, қоғамдық ұйымдармен, мәдениет және білім мекемелерімен жемісті қарым-қатынас жасайды.

 

 

Этностың материалдық және рухани мәдениеті

Поляк халқының мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасып, украина және қоныс аударғаннан кейін қазақ мәдениеттерімен байытылды. Поляк мәдениеті өмірдің барлық салаларында: адамның тууы, шоқындырылуы кезіндегі көрініс беретін ерекше рәсімдер сияқты өз ерекшелігімен еуропалық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар үйлену тойының және жерлеу рәсімдерін үйренді, әрқашан білімге құштар болды. Алайда кеңес заңдары бойынша олардың мүмкіндіктері орта арнайы және жоғары білім алумен шектелді. Поляк ұлтының өкілдері арасынан шыққан ғылым докторлары мен кандидаттарының салыстырмалы түрде аз болуы дәл осымен түсіндіріледі.

Поляктардың барлық қызметі арқылы қызыл жіппен тіккендей болып катозизм діні өтеді, ол барлық мәднеиеттің негізінде жатыр. Қатаң жиырма жылдық коменданттық қадағалауға қарамастан, поляктар өз дінін сақтап қалды. Діннің арқасында олар ең қорқынышты сәттерге төтеп берді. Олардың кейбірі өздерімен бірге дұғалық кітаптарын алып келіп, жастарды дұға оқуға үйретті, шіркеулік әндер айтып, дұғалардың мәтіндерін көшіріп жазды. Көптеген поляктардың үйінде, әсіресе ауылдық

жерлерде Құдай Ананың бейнесі ілініп тұрады. Балаларды шоқындыру, қасиетті тазарту, неке қию дәстүрлері қайта жанданып келеді. Католик шіркеулерінде приходтықтардың саны көбейіп келеді. Приходтықтар костелдар құрылысына қатысып қана қоймай, оларды безендірумен, қажетті заттармен қамтамасыз етумен айналысады, құдайға құлшылық ету үшін кітаптар мен киімдер, литургиялық заттарды сатып алады, шелпек пісіреді және т.б. 1996 жылы Қазақстанда және Орта Азияда 52 приход тіркелген болатын.

 

Ұлттық мейрамдар мен тағамдары

Поляктардың ұлттық тағамдары украиндықтармен ондаған жылдар бойы бірге тұрғандарына қарамастан католик дінінің арқасында ғасырлар бойы сақталып келеді. Поляктардың негізгі анағұрлым құрметті мейрамдары Рождество Христово және Пасха (Христостың тірілуі) болып табылады. Бұл мейрамдарға белгілі тағамдардың міндетті жиынтығы әзірленеді. Осылайша, 24 желтоқсанда, Рождествоның алдында, кіші пост – Сочельниктің соңғы күні постқа арналған он екі етсіз тағам әзірленеді: полякша майшабақ, маринадталған майшабақ, майшабақ салаты, полякша тұқы, полякша шортан, әр түрлі үй пісірмесі, сочельниктік борщ, ішіне саңырауқұлақ салынған құлақшалар қосылған қызылша көжесі, ботқа, үзбе кеспе, кисель, немесе компот және міндетті түрде балық тағамдары, әсіресе пісірілген тұқы және міндетті түрде кутья. Поляктар ішіне картоп, орамжапырақ, саңырауқұлақ, алма, шие салынған әр түрлі самсаларды жақсы көреді. Әсіресе, осының бәріне бал немесе қант қосылғанын. Екінші тағамдар мен салаттар дайындау кезінде қош иісті дайындалған өсімдік майын пайдалану міндетті болды.

Поляктардың кеңінен тараған тағамы бигос – бірнеше күн бойы етпен немесе шұжықпен, пиязбен, саңырауқұлақпен, дәмдеуіштер қосылып пісірілген ашытқан немесе жас орамжапырақ болып қала береді. Тамақ ішер алдында міндетті түрде бір біріне жақсылық тілей отырып, шелпек үзіп жейді, сыйлықтар сыйлайды.

«Қасиетті кештен» кейін діни, тұрмыстық, сәуегейлік, тілектестік және әзілқойлық сипаттағы жарапазан, өлең айту басталады. 25 желтоқсан — ең құрметті католиктік мейрам – Рождество Христовоның Бірінші күні. Адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді, ақ ниетті болады. Барлық әзірленген тағамдар дәріптелген түннен кейін «Қасиетті кеш» сияқты ұйымдасқан түрде көптен күткен Рождестволық таңғы ас басталады. Жанұя басы барлығын Иисус Христостың тууымен құттықтап, «Қасиетті кештен» қалған тағам «кутьяны» татып көреді. Кутья — бұл Рождестволық мейрамдардағы басты және міндетті тағам, ол бал, мейіз, көкнәр және басқа да дәмді қоспалар қосылған қант сиропында пісірілген тазартылған бидайдан ерекше әдіспен дайындалады. Кутьядан кейін басқа тағамдар – майлы қайнатылған, пісірілген ет және одан жасалған әр түрлі тағамдарға көшуге болады.

Екінші құрметті мейрам Пасха болып табылады. Осы мейрамға ғана тән ерекше тағамдар боялған жұмыртқалар мен куличтер болып табылады. Қалған тағамдар - әр алуан, бірақ олардың барлығы өте әдемі және дәмді етіп дайындалған. Таңғы ас боялған жұмыртқаларды «соғыстырумен» және ұзақ өмір сүру және өмір жалғастығының белгісі ретінде жұмыртқаның кішкене бөлігін болсын жеуден басталады.

Таңғы астан кейін балалар мен жастар далаға шығады, онда боялған жұмыртқаларды жарудан жарыс басталады. Жеңімпаз жарылған жұмыртқаны алып кетуге құқылы болған.

Жаңа жылда балалар мен жастар күн шыққанға дейін көршілерінің үйіне барып, олардың үйінде "Сею, сею, посеваю, здоровья, счастья и хорошего урожая желаю", яғни «Бидай егемін, денсаулық, бақыт және жақсы өнім тілеймін» деген сөздермен бидай егетін болған. Сол үшін үй иелері егіншілерге ақша, үй печеньесін және басқа да тәтті-дәмділерді беретін болған.

1 қараша – Барлық әулиелер күні, өлгендерді еске алу күні поляктар үшін ерекше күн болып табылады, бұл күні адамдар зиратқа барып, онда еске алу шырақтарын жағады.

 

Поляктардың ұлттық киімі олардың қандай воеводствода тұруына байланысты. Қазақстандық поляктардың киімінде украиндық және белорустық әуендер көрініс береді, себебі көбі сол жақтардан қоныс аударғандар.

 

Поляк тілі тілдердің үндіеуропалық семьясы славян тобының батыс славяндық топшасына жатады. Поляк тілінің мынадай диалектілері бар: ұлыполяктық, кішіполяктық, мазовецтік, силездік және кашубтық. Әдеби тіл ұлыполяктық, кішіполяктық және кейіннен мазовецтік говорлар негізінде қалыптасады. Әдеби тілдің анағұрлым қабылданған кезеңдері: ежелгі поляк тілі — 1500 ж. дейін, орта-поляк — 16 —18 ғғ. 2-ші жартысы, жаңа поляк — 18 ғ. екінші жартысынан бастап. Жазу латын алфавитіне негізделген. Ежелгі жазба ескерткіштері – Свентокшийлік өсиеттер (XIV ғ. ортасы).

 

Діни ұстанымдары – негізінен католиктер, протестанттар да бар. Дәстүрлі үйлену рәсіміне бұрын құда түсу, сөз байласу, некелестіру, неке қию, тойлау енетін. Үйлену тойында күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары мен жолдастарынан тұратын екі «жасақ» бір-біріне қарсы тұрған.

 

Поляктардың дәстүрлі тағамдары кондитерлік өнімдермен аты шыққан, ол – құстар мен аңдар бейнесіндегі үйлену тойы мен жаңа жылдық печеньелер, пряниктер, торттар, тәтті нандар және т.б. тағамдар. Ауылдарда үйлену тойына арналған «каравай» - «кесек нан» пісіреді. Әдеттегі сусындар – шай, дәнді және қара кофе.

 

Дәстүрлер мен мейрамдар. Польшада Рождество мен Жаңа жыл дәстүрлі карнавалдарға, серуендерге, көрмелерге ұласады. Таң қаларлық маскалар мен костюмдер киген адамдар ертегілік қуыршақтармен көпшіліктің көңілін көтереді. Поляктарда Мажаннаны батыру дәстүрі бар, ол қыстың бейнесін сипаттайды. Бұл ескі дәстүр әлі күнге дейін танымал. Әсіресе оны балалар жақсы көреді. Оқушылар 21 наурызда өзенге барып қыстың тұлыбын батырады. Бұл күн көктемнің алғашқы күні болып есептеледі.

 

 «Полония» облыстық поляк бірлестігі

Төраға:Хмелевский Виталий Альбертович

Мекенжайы:Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Ерубаев к. 54-3

Телефон: 87017275100

e-mail: polacykrg@gmail.com