Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Пичугин Николай

 

Пичугин Николай (1890-1976) - жазушы. Харьков университеті мен Халық шаруашылық институтын бітірген. Азов-Дон банкінің Харьков бөлімшесінде жүмыс істеген. 1919 - 20 ж. Оңтүстік майданның 30-армиясында үгіт-ағарту, саяси бөлімдерінде және 2-ші атты әскерде нұсқаушы әрі лектор, 1920 - 21 ж. 2-ші атты әскердің "Красная конница" газеті редакциясында қызмет істеген. Әдеби қызметін Украинада бастаған. Алғашқы «Уссури таңы» очерктер жинағы 1932 жылы жарық көрді. 1941 жылдан кеншілер қаласы Қарағандыда тұрды. Шахтерлер еңбегі мен тұрмысына «Екінші Шығыс» (1943) пьесасын, «С.Макаров» (1948), «Қарағанды очерктері» (1949) очерктер жинақтарын, «Шұғылаға шомған қала» (1953) романы, «Жолдағы қала» (1976) повесін арнады. Пичугин сонымен қатар Азамат соғысы және Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары тақырыбына «Ешқашан ажырамаймын» (1968), «Таңсәріде шыққандар» шығармасын, бүгінгі күн тақырыбына «Бір жолы түнде» (1956), «Шурканың ісі» (1961) т.б. еңбектерін жазды.