Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Нәкенов Сайлаухан

 

Нәкенов Сайлаухан (1940 ж. т.)ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1986). ҚазМУ-ді бітірген (1962). Жаңаарқа ауданы Өркендеу ұжымшарында мектеп мұғалімі, дирек­торы (1959-1962), «Советтік Қарағанды» («Орталық Қазақстан») меншікті тілші (1963-1973), «Жезқазған туы» («Сарыарқа») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары (1973-1997), Қазақ радиосының Жезқазған облысындағы меншікті тілшісі (1979-1983). Жергілікті қаламгерлердің «Құрыш» («Желкен») әдебиет бірлестігін басқарды (1978-1989). 2002 ж. бастап «Ақ жол» әдеби бірлестігінің жетекшісі. Өлеңдері «Жас керуен» топтамалар жинағына ентен (1976). Нәкенов - «Кұдіретті қолдар» (1977), «Жұмақтың жолы» (2001) өлеңцер жинақтарының авторы.