Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Мұқышев Қабыкен

 

Мұқышев Қабыкен (1920-1976)ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1943), ҚазПИ-ді бітірген (1941). Қарағанды мұғалімдер институтының оқытушысы (1943-45), облыстық оқу бөлімінің кабинет меңгерушісі (1945-48), мектептерде мұғалім (1948-1958) болды. 1958 жылдан шығармашылық жұмыста. 15-тен астам өлең жинақтарының авторы. («Алтын арқа», 1948; «Жақанның арманы», 1950: «Поэмалар», 1958; «Құзар шыңдар», 1972 т. б.) Мұқышев өз шығармаларьшда Сарыарқаның өткен тарихын толғайды. Қарағанды көмірін ашқан Аппақ Байжанов туралы «Аштық туралы аңыз», 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс тарихына арналған «Арқадағы арпалыс» атты поэмалар жазды.