Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Могильницкий Валерий

 

Могильницкий Валерий Михайлович (1940 ж. т.)журналист, жазушы. Қаскелеңнің түлегі. Львов мемлекеттік университетін бітірген (1962). Львов, Владивосток, Донцағы Ростов қалаларының газеттерінде, отыз жылдай республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жезқазған және Қарағанды облыстары бойынша меншікті тілшісі болды. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Могильницкийдің туған өлке туралы «Сарыарқа», «На земле Сатпаева», «Город в степи», «Медь Жезказгана», «Люди, которых любят», «В самом центре Евразии», «Созвездие талантов», «Просторы Сарыарки», «Страницы большой жизни», «Қарағанды», «Звезды Гулага», «Люди победы», «Черные розы маршала» публицистикалық көркем кітаптары, «Свет окна» деген өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атыңдағы сыйлығының лауреаты. 1998 жылдан «Қарағанды облысы Жазушыларының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Жезқазған қаласының кұрметті азаматы.