Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Мамыр Базар

 

           Базар Қалиасқарұлы Мамыр 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы, Майемер ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.

Апайы Қабижамал Үдірісқызы аймағына аты танымал айтыскер болған адам, өз әкесі Қалиасқар Үдірісұлы да сөзге ұста, қара өлең құдыретін жүрегімен түсінген жан.

Базар Мамыр өлеңді мектеп жасынан бастап жаза бастаған. Базардың республикалық басылымда алғаш тұсауын кескен, кейін томағасын шешкен Алаштың ақын қызы Фариза Оңғарсынова. Одан басқа талапкердің қиялына қанат бітіргендер қатарында  Әбділдә Тәжібаев, Хамит Ерғалиев, Қуандық Шаңғытбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев және Серік Ақсұңқарұлы сынды дарынды да қарымды қаламгерлерді айтуға болады. Ол 2000 жылы Қазақ радиосы өткізген «Қазақстанымқара шаңырағым» мүшәйрасына қатысып, 150 ақынның  ортасында жүлделі бірінші орынды жеңіп алған. Сол жылы оның «Саңылаудан түскен сәуле» атты алғашқы топтамасы жарық көрді.

Базар облыс жұртшылығына жақсы танымал журналистердің бірі. Оның облыстық радиода «Құқықтық қоғамға барар жолда», «Жолбасы» айдарлары бойынша берілген және тарихи-танымдық «Зерде» топтамасының хабарлары қалың қауымның жүрегіне жол тапты.