Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Қашқынов Жеңіс

 

Қашқынов Жеңіс (4. 3. 1942 ж. т., Жезқазған обл., Ақтоғай ауд., "Қуаныш" колхозы) - ақын. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1964). Алғашқы кезде респ. "Лениншіл жас" (қаз. "Жас алаш") газетінде істеп, 1965 ж. қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері 1959 ж. республикалық "Пионер" (қаз. "Ақжелкен") журналы мен "Қазақстан пионері" (қаз. "Ұлан") газетінде жарық көрді. Бүгінде он бірге тарта жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молда­ван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды. Ол сондай-ақ бірқатар бауырлас жырларды ана тілімізге аударды. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, грамоталармен марапатталған.