Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Көшімов Әуезхан

 

Көшімов Әуезхан (15.12.1911 ж.т., Шет ауданы-1993 қайтыс болған )- ақын, жазушы. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1940).1941-43ж). Ұлы Отан соғысына катысты. 1943-1956_ж. Қарағанды облыстық радиосының бас редакторы, халық шығармашылық үйінің (Қарағанды) директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қа­рағанды облысы бойынша өкілі, 1956-58 ж. Алматы облыстық радиосының редакторы, 1958 жылдан шығармашылық жұмыста болып, Қарағандыда тұрды. Қарағандыдағы 1943 жылғы ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі. Тұңғыш өлеңдер жинағы — «Көңіл күйі» 1949 ж. шықты. «Екі бүркіт» повесінің, «Қарт аңшының әңгімесі» (1959 ) атты әңгімелер жинағының, С. Сейфуллиннің өмірі жөнінде «Лашын хикаясы» (1965), Азамат соғысы жылдары туралы «Қысталаң жыл» (1969), повестерінің, «Күй сөйлейді» (1969) поэмасының балаларға арналған «Жас аңшы» (1971), «Тепенкөк» (1976) пьесаларының авторы.