Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Кәрібаева Бақыт

 

Кәрібаева Бақыт (1943 ж. т., Жаңаарқа ауд.) - ақын, әдебиет зерттеуші-ғалым, филология ғылымының докторы (1996). Абай атындағы Алматы мемлекеттік ун-тінің филол. факультетін бітірген(1965). 1965-1966 ж. Жаңаарқа ауданының Ынталы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1967-1970 ж. Қарағанды педагогикалық институтында кітапханашы. 1970-1973 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, «Мұқан Иманжанов прозасындағы замандас бейнесі» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі — доцент Т. Әбдірахманов) кандидаттық диссертация қорғайды. 1975 жылдан бері Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор болып қызмет атқарады. 1994 жылы Бішкек қаласында «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.