Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Иманжанов Мұқан

 

Иманжанов Мұкан (1916-1958)жазушы. Ұлытаудың түлегі. Алматыдағы есеп-санақ техникумын бітірген (1938). 1938-1958 ж. Республикалық радиохабарлар тарату комитетінде, «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі қызметінде болды. Тұңғыш әңгімелер жинағы — «Жастық» 1948 ж. жарық көрді. Бала тәрбиесіндегі мұғалімдердің рөлін айрықша бағалаған «Алғашқы айлар» (1950, орыс тілінде - 1955) повесі, «Таныс кыз» (1952, 1972, орыс тілінде — 1953, 1956) әңгімелері мен романы шықты. Тың игерушілер өмірінен жазылған «Тыңдағылар» (1956) әңгіме және очерктер жинағы басылды. Иманжанов шығармаларында заманымыздың көкейкесті проблемаларын, еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, адамгершілік қасиетін суреттеді. «Көк белес» (I960) романы, «Өркен» (1980) атты мақалалар, естеліктер кітабы, балаларға арналған әңгімелері «Шаңғышылар» (1983) деген атпен шықты. Иманжанов драматургия саласында да жемісті еңбек етті. «Жас өмір» (1948), «Менің махаббатьм» (1954) повесі мен пьесалар жинағы, «Сөнген шам» (1957) са-тиралық комедиясын жазды. Қызьл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ұлытау ауылының орталық алаңьша Б. Бұлқышев екеуінің ескерткіші орнатьшған. Игенсартов есімімен Жезқазған, Ұлытауда кө­ше аталады.