Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Жүністегі Кәмел

 

Жүністегі Кәмел (1939 ж.т.) – жазушы. Шет ауданының түлегі. Қарағанды педагогика институтын бітірген (1971). 1959-1991 жылдары Алайғыр кен зерттеу партиясында ауысым мастері. Ақсу-Аюлы орыс мектебінде оку ісінің меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, табиғат қорғау комитетінің төрағасы, аудандық мұражайдың директоры. 1991-2005 ж. аудандық газеттің редакторы. Кәмел өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдыраған қамалыныңқалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялап «Дос көңілі» (1981), «Көне хикая» (1987), «Көне хикая» (1989) атты әңгіме, хикаяттар жинағы, «Құба белдер» трилогиясы жарық көрді. «Тар заман» спектаклінің авторы. Әуесқой сазгер ретінде танымал.