Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Жұмаділдин Асан

 

Жұмаділдин Асан (10. 5. 1927 ж. т., Жезқазған обл., Жаңаарқа ауд., С. Сейфуллин атынд. с-з) - жазушы. Қарағанды педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген (1961). 1941-42 ж. Қызылтау руднигінде жұмысшы, 1943-52, 1954-73 ж. Жаңаарқа мектептерінде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде инспектор, 1952-53 ж. Облыстық "Советтік Қарағанды" газетінде әдеби қызметкер, 1973 жылдан Жаңарқа аудандық "Жаңа Арқа" - "Новая степь" газеттерінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары. Шығармалары 1946 жыл­дан жариялана бастады. "Келіншек" атты тұңғыш жинағы 1968 ж. жарық көрді. Одан кейін "Сең бұзылғанда" (1972), "Қайырлы сапар" (1977), "Жұмысшылар әулеті" (1981), "Құт құбыры" (1982) повестер мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. Жұмаділдин Асан туындыларының негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі колхоз тұрмысы, ауыл жастарының өмірі, жұмысшы еңбеккерлердің өрен табыстары, бүгінгі индустриялық өндіріс т. б. болып келеді.