Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Жайлыбай Ғалым

Жайлыбай Ғалым 1958 жылы Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» совхозында туған. Ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты (1999), жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 ж. Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. Қазір Халықаралық Қ. И. Сәтбаев қорының вице-президенті. Поэзиялық туындылары оқырмандардың ықыласына ие болғ-ан. "Жанымның жапырақтары" (1988), "Жүрегімнің жұлдызы" (1996) атты жыр кітаптарының авторы. Соңғы жыр жинағында лирикалық ішкі иірімдермен қоса философиялық ой түюлері оқырман көңілінен шықты. Жайлыбай өлеңдері табиғи да қарапайым. Тілдің қасиеті, мүмкіндіктері көрінеді. Айналасына суреткер көзімен қарауға қалыптасқан. Ақын жырларында өмір, табиғат, тағдыр тылсымдары астасып жатады. Өлеңдері орыс, украин, қырғыз тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағанбетұлының артында қалған мол мұрасын жинап, алғысөз жазып, жеке жинақ етіп бастырған ("Сұлутерек", 1996) "Жанымның жапырақтары" жыр жинағы үшін 1999 жылы "Алаш" сыйлығы берілген. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі. Қытай Халық Республикасы, Күйтің қаласынан шыққан "Сүмбіле" деп аталатын қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген.