Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Брагин Алексей

Брагин Алексей Иванович (14. 7. 1911 ж. т., қазіргі Ленинград обл., Репино с.) - орыс жазушысы. Солт. Кавказ университетін бітірген (1931). 1931-41 ж. түрлі баспада тілші, әдеби қызметкер, 1941-53 ж. "Комсомольская правда", "Казахстанская правда" газеттерінде тілші, 1954-65 ж. "Простор" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. 1965 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы очерктер жинағы -"Төрт қаһарман" 1958 жылы жарық көрді. Бұдан кейін "Алыс және жақын" (1958), "Қазақстан жанарлары" (1959), "Қос тағдыр" (1962), "Бастауда (1964), "Тау етегінде" (1967), "Он мың таң шапағы" (1971), Жолдармен кездесулер" (1974), «Мың бұлақ көлі» (1978) атты өлең-очерк әңгімелер жинақтары жарияланды. Ж. Жабаевтың өлеңдерін, С. Сейфуллиннің пьесаларын, С. Мұқановтың "Менің мектептерім" (2,3-кіт.), "Мөлдір махаббат", "Аққан жұлдыз" романдарын орыс тіліне аударған. "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.