Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Боранбаев Қабыл

Боранбаев Қабыл (15. 7. 1915 ж. т., қазіргі Павлодар обл., Баянауыл ауд., - 9. 3. 1978, Қарағанды обл., Ульянов ауд., Жаңақала с.) - ақын. Отан соғысына қатысқан. Петропавл педагогикалық техникумын (1936), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген | (1946). 1932-33 ж. Қарағандыдағы N 3 шахтада еңбек етті. 1936-43 ж. Қарағанды облысында, Балқаш қаласында мектеп мұғалімі, директоры, Түркістан пед. училищесінде директордың орынбасары, 1946-52 ж. ҚазТАГ-та редактор, "Пионер" (қаз. "Ақ желкен") журналында редактордың орынбасары, 1952 жылдан педагогикалық қызметте болды. Боранбаевтың өлеңдері ресубликалық. баспасөзде 1937 жылдан бастап жарияланып алғашқы жинағы "Дәурен" 1949 ж. жарық көрді. Кейін бала сезімін, түйсігін, мінезін ойнақы әдемі тілмен жеткізе білген "Балалар шаттығы" (1949), "Ант" (1950), "Дос отряд" (1955), "Тапқыр бала" (1971), "Дән дария" (1977) т. б. өлең кітаптары шықты. Боранбаев Н. Некрасовтың, В. В. Маяковскийдің, К. М. Симоновтың, Б. Кербабаевтың, Ғ. Ғұламның жекелеген өлеңдерін, И. Василенконың "Жұлдызша" повесін аударған.