Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Бөкетов Евней Арыстанұлы

Букетов Евней Арыстанұлы (23.05.1925 ж.т. Сол. Қазақстан обл.,Октябрь (қаз.Сергеев) ауданы, Бағанат ауылы) – ғалым, жазушы, аудармашы. 1941-45 ж. бастауыш және орталау мектептің мұғалімі, Қазақстан кен-металлургия институтының металлургия факультетін бітірген (1945).Сонымен бірге, қазақ мемлекеттік баспасында редактор болып істеген. Сол жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар, әдебиет сыны, көркем аударма саласында да еңбек еткен. Букетов 1954 жылдан техника ғылымының кандидаты, 1954-60 ж. Қазақтың кен-металлургия институтында ассисент, доцент, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 1960-72 ж. ҚР ҒА-ның Химия-металлургия институтының директоры. Букетов 1966 жылдан техника ғылымының докторы, 1967 жылы профессор атағын алды. 1969 ж. оған кен-металлургия комбинатында технологиялық процестерді интенсификациялау жөніндегі еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1970 ж. ол ҚР ҒА-ның корр. мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Еңбектегі ерлігі үшін медалімен наградталды. 1972-79 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды. Қазақстан химия ғылымының әлемдік деңгейге шығуы Евней Арыстанұлының есімімен байланысты. Өзі ректор боп қызмет атқарған Қарағанды мемлекеттік университеті бүгінде Евней Букетов есімінде. Букетов бірнеше монографияның көптеген көркем публицистиканың авторы. Сондай-ақ, көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. С.Есениннің «Анна Снегина», В.Маяковскийдің «Қандала», «Жақсы», аталатын шығармаларын қазақшалаған.