Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Бөкенов Абзал

Бөкенов Абзал (1949 ж. т.) – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1993). Ақтоғайдың түлегі. ҚарМУ-ді бітірген (1972). 1972-1997 ж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, ұстаздык қызметте, Жезказған облысы, Приозерный аудандық газетінде тілші, әдеби қызметкер, «Жалын» баспасында редактор, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Парасат» журналының жауапты хатшысы, «Түркістан» (бұрынғы «Заман Қазақстан») газетінде жауапты хатшы, саяси шолушы. 1997 жылдан шығармашылық жұмыста. Бөкен қаламынан «Бастау» (1986), «Жалғыз желкен» (1986), «Ғасыр канатында» (1988), «Салбурын» (1991), «Сүмбіле» (1992) жыр жинақтары туды. «Жалын» баспасының және Қазақстан Жастар одағының респ. жабық бәйгесінің лауреаты (1977), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1993).