Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Балыкин Михаил

Балыкин Михаил Данилович (1924-2001) – ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1960). 1941-45 ж. Ұлы Отан соғысьша қатысқан. Семей облыстық радиосының, облыстық «Прииртышская правда» газетінің, «Советский Казахстан» (қазір «Простор») журналының редакцияларында қызмет атқарды. 1957-1966 ж. «Қайнар» баспасының редакторы, 1966-1981 ж. «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі, 1981-82 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыньщ әдеби консультанты. 1983 жылдан шығармашылық жұмыста. Балыкиннің «Мысалдар», «Басни» атты алғашқы кітабы 1951 жылы шықты. Одан кейінгі жылдары «Утро надежд» (1971), «Свидание в Боровом» (1976), «Мой белый свет» (1984) кітаптары жарык көрді. Қаламгер шығармашылығында өнеркәсіпті өлке тақырыбы үлкен орын алады, ол Қазақстан Магниткасының алғашқы құрылысшылары туралы «Начало пути» поэмасын (1960), Карағанды шахтерлері жөніңде «Марианна» атты (1981) өлеңмен жазылған повесть шығарды. Балыкин аудармамен де шұғылданады. 1964 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жөне балет театрының сахнасында қойылған Е. Брусиловскийдін «Наследники» операсына либретто жазған. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.