Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Әлжантегі Төкен

Әлжантегі Төкен, (1953 ж. т.), жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі (1995). Т. Айбергенов атыңдағы сыйлықтың иегері (1998), халықаралық «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазақстан әдебиеті-2000» конкурсының жеңімпазы (2000), Қарағанды облысы әкімінің «Жыл жазушысы-2000» сыйлығының иегері. Жаңаарқаның түлегі. Еңбек жолын Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінде тілшіліктен бастап (1974), аудандық, қалалық, облыстық газеттерде түрлі жұмыстар аткарған. «Жаңаарқа» аудандық газетінің мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Оның қаламынан туған өлең, прозалық шығармалар оқырман қауымға кеңінен таныс. «Армысың, ару күн!» (1987), «Ашық сабақ» (1991), «Қым-қиғаш тіршілік» (2000), «Ақ-қараның арасы» (2002), «Жартастан жеткен жаңғырық» (2003) атты кітаптардың авторы. Әзиев көркем шығарма жазумен катар сырлы сезімге толы бірнеше әннің («Жаңаарқа вальсі» т. б.) де авторы.