Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Ахметов Өтен

Ахметов Өтен – жазушы, драматург, КСРО Жазушылар одағының мүшесі /1982/. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген /1963/, 1963-66 жылы Жезқазған облысы Қарсақбай поселкесінде орта мектеп мұғалімі, 1967-1973, 1987 жылдан «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі /1982-87 жылдары және 1989-1993 жылы редактор орынбасары/, телевизия және радио хабары жөніндегі облыстық комитеттің бас редакторы, 1993-1997 жылы төрағасы болды. Алғашқы «Алда күн бар» повесі 1973 жылы жарық көрді, одан кейін «Адам болғым келеді» /1975/, «Алтын арқау» /1977/ повестері, «Қоңыр үй» /1982/, «Заңғар» /1988/ романдары шықты. «Қазақтелефильм» студиясы түсірген «Қарқаралы қыздары» деректі телевизиялық фильмі сценарийінің, «Темірқазық», «Студенттер», «Құрыш пен қоныз» пьесаларының т.б. шығармалардың авторы.