Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Аманжолов Қасым Рақымжанұлы

Аманжолов Қасым Рақымжанұлы (1911-1955) — қазақтың көрнекті ақыны.  Қазіргі Қарағанды облысыҚарқаралы ауданында дүниеге келгенАуыл молдасынан хат танығанЖетім қалғаннан кейін Семейдегі балалар үйіне орналастырылыпсонда бастауыш білім алғанБұдан соң Семейдегі мал дәрігірлік техникумын бітірген (1930). 1931 ж. Ленинградқа барып, орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ денсаулығына байланысты оқи алмай қалып қойған. 1931-41 ж. "Лениншіл жас" (қаз. "Жас алаш"), Орал облыстық "Екпінді қүрылыс" газеттері редакцияларында, Орал облыстық театрында жұмыс істеген. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен әскер қатарына шақырылып, 1946 ж. дейін болады. Әскерден қайтқан соң біраз жылдар "Әдебиет және өнер" журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі болған. Аманжоловтың тұңғыш өлеңі Оралдың "Екпінді құрылыс" газетінде басылды. Тұңғыш жинағы "Өмір сыры" 1938 жылы жарық көрді. Осыдан былай қарай ақын қаламынан халық өмірі — өзі өмір кешкен заманы түйдек-түйдек жыр жолдарына өріліп отырды. Ақынның бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі осы кезеңдегі көркемдік сапасы аса биік туындылары қатарына "Ақын", "Бірінші май", "Жолдас маршал", "Жалғыз жалау", "Дүниеге жар", "Орамал", "Мен табиғат бөбегі" тәрізді өлеңдері жатады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі Қасым ақынның әбден қалыптасқан, ең шоқтығы да өнімді тұсы. "Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен, Серінің есірте соққан семсеріндей, Өлеңнің өткірін бір алшы менен", — деп ақын бұл кезеңде қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкелген. Көркемдеу құралдарының — образды сөз енерінің ақынның "Байқал", "Оралым", "Подполковник Альпин", "Дариға сол қыз" өлеңдері, "Мартбек", "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмалары жазылды. Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасын Ғ. Мүсірепов қазақ поэзиясындағы жаңа бетбұрыс деп бағалады. Аманжолов Екінші дүниежүзілік соғысынан, халықтық жыр дәстүрін ілгері дамытып, батырлық, ерлік жырларының жаңа үлгісін жасаған, қазақ поэзиясын жаңа арнаға көтеріп жырлаған танымал ақын болып оралды. Соғыстан кейін Аманжолов не бары он-ақ жыл өмір сүрді. Көркемдік сапасы жоғары лирикалық өлеңдерімен қатар "Боран", "Біздің дастан", "Бикеш", "Жамбыл тойында", "Құпия қыз" тәрізді үлкен эпикалық поэмалар жазды. Аманжолов ақындығымен қатар үлкен сазгер де болған. Оның әнін де өзі шығарған "Дариға сол қыз", "Туған жер" т. б. шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған. Аманжолов қазақ әдебиетінде аударма жанрының дамуына да зор үлес қосты. Ол А. С. Пушкиннің "Полтава", М. Ю. Лермонтовтың "Маскарад", А. Т. Твардовскийдің "Василий Теркин", Низамидің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмалары, Т. Г. Шевченконың, В. В. Маяковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтандырды.