Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Ақсұңқарұлы Серік

     Ақсұңқарұлы Серік 1950 жылы наурыздың 29-ында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында дүниеге келген. Орта мектептi тәмамдағаннан кейiн Қарағанды педагогикалық институтында, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттiк университетiнде оқыған. Өлеңдi 13 жасынан бастап жазған. 1986 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесi.

    Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккерi», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерiнде тiлшi, бөлiм меңгерушiсi болып қызмет жасаған. 1987 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлiмшесiнiң жауапты хатшысы болып жұмыс iстеп келедi. «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975 ж.), «Қарлығаш» («Жалын», 1977 ж.), «ХХ ғасырдың жиырма сәтi» («Жалын», 1984 ж.), «Жез тасқын» («Жазушы», 1987 ж.), «Қызыларай» («Жалын», 1989 ж.), «Ғасыр кардиограммасы» (1991 ж.), «Адам Ата – Һауа Ана» (2000 ж.), «Өмiр деген – Күндi айналу» («Жазушы», 2005 ж.), «Төбемнен жауһар жауып тұр» («Қазығұрт», 2005 ж.) атты кiтаптардың авторы.

    Ақын Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, Анна Ахматова, Марина Цветаева, Назым Хикмет, Роберт Рождественскийдiң шығармаларын қазақ тiлiне тәржiмалаған. С.Ақсұңқарұлының шығармашылығын қазақ әдебиетiнiң классиктерi Ғафу Қайырбеков, Қуандық Шаңғытбаев, Сырбай Мәуленов, Мүсiлiм Базарбаев, Мұхтар Шаханов, Шерхан Мұртаза, Тұманбай Молдағалиев, т.б. жоғары бағалаған.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткерi. Өлеңдерi орыс, украин, түрiк тiлдерiне тәржiмаланған.