Еврей ұлттық-мәдени орталығы

КАСЫҢДАҒЫНЫҢ АБЫРОЙЫ СЕН ҮШІН ӨЗІҢДІКІ ТӘРІЗДІ КЫМБАТ БОЛСЫН

(халық мақал-мәтелі)

 

Еврей, бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы (орыс тілінде).

Еуропа мен Америкада тұратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) тілінде сөйлейді.

Қазақстанда 15000 еврей тұрады, соның ішінде Қарағанды облысында - 1500 адам тұрады.

1990 жылы еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы құрылған. Еврей қауымының жұмысы мынадай бағдарламалық сипатта: жалпы білім беру, қариялар мен аз қамтылған адамдарға қайырымдылық жасау, медициналық көмек, ақпараттық қолдау, ритуальдық қызмет көрсету және еврей зираттарын ретке келтіру, бас бостандығынан айыру орынында отырған еврейлерге болашақта көмектесу.

Мәдени орталықтың өз жарғысы мен жоспары бар. Орталықтың мақсаты мен міндеті: ұлттық мәдениетті дамыту, еврей халқының дәстүрлерін жаңғырту, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, қоғамдық бірлестіктер және орталықтармен ынтымақтастық, ивритті оқу. Еврей халқының дәстүрі мен тарихын бейнелейтін "Рош-А-шана", "Суккот", "Ханука", "Пурим" және басқадай еврей мерекелерімен бірге аймақта болып жататын басқадай шараларға орталық қатысып отырады.

Татьяна Гурова жетекшілікететін жексенбілік мектептің жұмысына мәдени орталық белсене қатысады. Балалар еврей салтын, мәдениетін оқып-үйреніп, шығармашылық жағынан дамиды. Бұл жұмысқа сауатты, ісіне берілген педагогтар тартылған. Музыка сабағында балалар Елена Бойконың жетекшілігімен еврей әндерін үйренеді. Педагог-психолог Татьяна Приз балаларды дұрыс қарым-қатынас жасауға, кез-келген жағдайдан шығуды үйретеді. Сабақ ойын түрінде өтеді. Еврей халқының тарихы мен дәстүріне байланысты үздік сурет, қол өнерінің конкурстары өткізіледі. Жазда балалар Алматының маңындағы Бүрындай қалашығына орналасқан "Ган Исроэль" лагерінде демалады.

Жыл сайын жексенбілік мектеп екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі геноцидтің нәтижесінде қаза болған 6 миллион еврейді еске алудың "Катастрофа және қаһармандық күнін" атап өтеді. Еврей қауымы мен жалпы білім беретін "Ор-Авнер" кешені екінші дүние жүзілік соғыс ардагерлерін құрметтеуге үнемі қатысып отырады.

"Бэяхад" жастар клубына жиналатындар көп, жігіттер мен қыздар осында демалып, көңіл көтереді, еврей мерекелерін атап өтіп, өздерінің интеллектуалдық деңгейін көтереді (жетекшісі И.Л. Кац). Ересек адамдарға "Миқдаш катан" отбасылық клубы арналған, онда белгілі еврей жазушылары, өнер мен ғылым қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы білуге болады. Клубтың жоспарында шығармашылық кештер бар. КММА-ның доценті В.Б. Молотова-Лучанскаяның басшылығымен жұмыс істейтін көркем өнерпаздар театрында әуесқой артистер театр өнерінің әліппесін үйренеді. "Пнина" әйелдер клубына келушілер еврей асханасымен танысып, туған күндерді атап өтеді, балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөліседі.

Еврей қауымы ТМД еврей қауымы федерациясының құрамына енеді (Мәскеу қаласы). Жастардың - қаиым мүшелері "Таглит" бағдарламасы бойынша Изральге тегін танысу сапарына бару мүмкіндігі бар.