Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Беларус ұлттық-мәдени орталығы

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ, БЕРЕКЕ БАР

(халық мақал-мәтелі)

 

Белорустар, ежелгі атауы - белорустар. Белорус тілі шығыс-славян тобына енеді. Үш негізгі топқа бөлінеді: оңтүстік-шығыс, орталық, солтүстік-шығыс. Белорустардың құрамында этнографиялық топтар - полещук пен литвиндер бар, олардың тұрмысы мен мәдениетінде кейбір өзгешелік кездеседі.

1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 111927 белорус болған, оның 21579-ы Қарағанды облысында.

XVIII ғасырдың соңында белорус жері Ресей империясының құрамына енген. Көтерілісті басқаннан кейін, әсіресе 1863-64 жылдары К. Каменовскийдің басшылығымен Белоруссиядан 12 мың адам, көпшілігі шығысқа жер аударылған, соның ішінде қазіргі солтүстік Қазақстанға. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар белорустардың шығыс аймаққа көшуіне әсер етті.

Қазақстандық диаспора, сондай-ақ ұжымдастыру мен 1939 жылы қосылған Батыс Белоруссиядан 30-50 жылдары депортацияға ұшыраған белорустармен едәуір толыққан. Белорустардың саны тың игерген жылдары бірсыдырғы көбейген. 70-ші жылдары республикадан этностың көшуі басталған, тың көтергендер үйлеріне қайта бастады.

Белорус диаспорасы "Спадчына" белорус мәдени қоры түрінде 2002 жылы 17 қаңтарда заңды түрде тіркелген. Оны құруға бастама көтерген Ататолий Васильевич Майсюк, Юрий Анатольевич Гусаков пен Юрий Анатольевич Фарино. Қорды құруға Қазақстан Республикасындағы Белорусь Республикасының елшісі Лариса Пакуш көп үлес қосты.

"Спадчына" орталығын құру белорустардың басын біріктіріп, белорус мәдениетін, тілін салт-дәстүрін үйренуге орай түрлі шаралар өткізуге мүмкіндік берді.

Оның басшылығының белсенділігі арқа-сында белорус диаспорасы Қазақстан Республикасындағы Белорусь Республикасының елшісімен кездесіп, одан көзбе-көз сүраққа жауап ала алады. Атап айтқанда Белорусь Республикасының елшісі Л. Пакуш екі мәрте Д. Қонаев атындағы университеттің Қарағанды филиалының студенттері, профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Белорус тілінде стенд пен кітапхана ашылып, Белорусиядан газет пен журнал және басқадай мерзімдік басылымдар үнемі алынып тұрады. Белорусь Республикасының университеттерінде жоғары білім алғысы келетін ҚР азаматы болып табылатын белорустар оқуға қабылданады. Мұқтаж адамдарға материалдық, моральдық және құқықтық көмек көрсету жұмысы жалғасын табуда.

Басқадай ұлттық-мәдени орталықтар мен мемлекеттік билік органдары өткізетін түрлі мәдени-бұқаралық шараларға "Спадчына" белсенді қатысады. Ай сайын мәдени орталық өз мүшелерін жинап, Белоруссиядан келген жаңалықтарды талқылап, белорустық газет-журналдарды оқып, шақырылған қонақтарды тыңдайды. Қарағанды облысының белорус диаспорасы өздерінің тарихи отанымен экономикалық, ғылыми және қоғамдық-саяси байланыстарды іске асыруға үнемі қатысады. "Спадчына" мәдени қоры қоғамы да ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға өздерінің күш-жігерлерін аямайды.