Армян ұлттық-мәдени орталығы

АДАМНЫҢ ҰЛАНҒАЙЫР СҮЙІСПЕНШІЛІК СӘУЛЕСІН САҚТАУЫ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Ю. Саакян

 

Армяндар, түпкі атауы армян-хай. Армян тілі, индоеуропалық тілдер тобының өз алдына жеке бір тармағы.

Тарихи жағдайға орай армян халқы жер шарындағы 60-тан астам елде тұрады. Армяндардың Қазақстанға көшуі кеңес дәуірінде басталып, екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - бес жылдықтардың маңызды құрылыстарына мамандарды орталықтан жіберумен байланысты. Екіншісі - Армения, Грузия, Азербайжан және КСРО-ның басқа аймақтарынан армяндарды күштеп, қуғындау арқылы жер аудару. 2005 жылдың басында Қазақстанда 14758 армян, соның ішінде Қарағанды облысында - 1751 адам тұрады.

"Эребуни" армян ұлттық-мәдениет орталығы әділет басқармасында 1994 жылы тіркелген. Армян диаспорасының белсенділері, "Эребуни" армян ұлттық-мәдениет орталығы кеңесінің мүшелері өз күш-жігерлерін Қазақстан Республикасы тұрғындарының барлық топтарын біріктіруге, армян тілін, тарихын, әдебиетін, армянның халықтық қол өнерін үйренуге жағдай жасауға, армян мәдениетін сақтап, дамытуға, өздерінің тарихи отандарының салт-дәстүрлерін насихаттауға бағыттауда.

Армениядан тараған қазақстандықтар қарияларға, көп балалы отбасыларына, мүгедектерге, басқадай мұқтаж адамдарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетуде.

Армян диаспорасының өкілдері облыс пен қалада өткізілетін барлық шараларға қатысады. Бұл аймаққа суретші, республиканың еңбек сіңірген қызметкері Саркис Саносянның, К. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР-дың еңбек сіңірген қайраткері Генрих Оганесянның, көп балалы отбасы М. Микоянның, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Эдуард Меликовтың, республиканың еңбек сіңірген құрылысшысы Владимир Сгимянның және басқалардың есімі белгілі. Аға ұрпақтың жасампаздық дәстүрін тамаша "Орхидея" дүкенін тұрғызған жас бизнесмен Вазген Гаракян, этнопаркте армян қолөнері дәстүрінде "Наири" ресторан-кафесын салған Месроп Арутюнян, "Сарухан" жол құрылысы фирмасының жетекшісі Паргев Наджарян, Владимир Акопян, Артур Навасардян жалғастырып келеді.

Қаражал қаласындағы армян балаларының би ансамблі фестивальдар мен шығармашылық кештерде табысты өнер көрсетуде. Жас суретші Нарик Акопян жерлестерін қоршаған ортаға деген көзқарасымен таң қалдырды. Оның суреттерінде армян мотиві байқалады, мұндай ерекшелік жас таланттың ұстазы, тәлімгері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Саркис Саносянға тән.

Армян диаспорасы тек қана көне дәстүрлерді сақтауға қамқорлық жасап қоймайды. Мәдени орталық сонымен қоса армяндар қазіргі қазақстандық қоғамда, өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік саласында өзін жәйлі сезінуіне ықпал жасайды. Сарыарқадағы армяндар мәдениеті мен ұлттық өзіндік ерекшелігі жай ғана жаңарып қоймай, Қазақстан отаны болып саналатын ерекше этнос қалыптастыруда.

Әрбір қоғамның өмірінде ерекше оқиғалар болады. Оны ұмыту жәй ғана естен шығару емес, болашақтың алдындағы масқара жауапсыздық болар еді. 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні біздің отандастарымыздың есінен мәңгі кетпейді. "Эребуни" армян ұлттық-мәдени орталығы 1997 жылы сталиндік режимнің құрбаны болған бұрынғы Қырғыз өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Мирзоянның 100 жылдығын атап өтті.

2004 жылдың қазан айынан орталық Республикалық армян қауымдастығының құрамына енген.

 

«Эребуни» облыстық армян мәдени орталығы

Төраға: Навасардян Артур Ильичович

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Коцубинский к., 43

Телефон: 87017773736

 

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.