Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






Кәріпұлы Өмір

 

Кәріпұлы Өмір 1940 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Құмдауыт (Дружба) ауылында дүниеге келген. ҚарПИ-дің филология факультетін бітірген. 1960-1978 жылдары орта мектепте мұғалім,
1978-1981 жылдары Ақадырда «Ақадыр таңы» газетінде әдеби қызметкер, 1984-1985 жылдарда аудандық мәдениет бөлімінде қызметкер. 1990-1997 жылдары Ақадыр аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, 1997-2003 жылдары аудандық «Заман» газетінде қызмет атқарған. 1980 жылдан бері Ақадырда тұрады. Өмір Кәріпұлының алғашқы жырлары 1960 жылы жарияланған. «Сарыбел сазы» (1977), «Атасының баласы» (1980), «Есік тоған» (1985), атты әңгімелер мен повестер жинақтары, «Бұрқақ» (1991) романы, «Тайталас» (2001), «Серілер мен перілер» (2004) атты кітаптары жарық көрді.