Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1663-1756), Әз-Тәуке ханның бас кеңесшісі. Ұлы жүздің төбе биі, тапқыр шешен. Ол бейбітшілікте тапқыр билігімен, жаугершілікте ерлігімен жастайынан елге мәлім болған. Төле би Тәуке ханның басшылығымен, Қазыбек, Әйтеке, басқа да белгілі билермен бірге бірегей қазақ хандығын құруға, оны бір орталыққа — Тұркістанға бағындырып, нығайтуға қатысқан, «Жеті жарғы» заңын жасасқан феодалдық коғамның көрнекті қайраткері. Төле бидің даналық, тапқырлық дарыны, әсіресе, Әз-Тәуке өліп, қазақ хандығы ыдырай бастаған, жоңғар-қалмақ шапқыншылығы күшейген кезде айрықша көзге түседі. Ол қазақтың белгілі хандарымен, билерімен, батырларымен бірге жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы халық-азаттық майданын ұйымдастырып, басшылық етті. Қазақ елінің Ресейге қосылуы үшін 1749 ж. Орынбор губернаторы И.И. Неплюевке елші жіберді. Төле бидің сүйегі Ташкент қаласында жерленіп, оған үлкен ескерткіш орнатылған.