Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ТӘУЕКЕЛ

ТӘУЕКЕЛ (т. ж. белгісіз - 1598 ж.), хан (1586-98 ж.). Ақназар (Хақназар) ханның мұрагері. Ол Моғолстан мен Бұхараға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресте жеңіске жетті. Бұхар ханы Абдулла ІІ-нің әскерін талқандап, Түркістан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Ресеймен достық қатынаста болды. Ресей оған Көшім ханға қарсы күресте жәрдем берді. Ресей Тәуекелді Орта Азия хандыктарымен келіссөз жүргізуде делдал ретінде пайдалануға тырысты. Бұхар хандығына қарсы Тәуекел мен парсы шаһы Аббас І-нің арасында одақ құруға көмектесті. Тәуекелдің тілегіне сай патша үкіметі оған қажет болған жағдайда әскери көмек көрсетуге уәде берді. Орыс-қазақ байланысын нығайту үшін Мәскеуге баласы Құүсайынды аманатқа жіберді, ал патша Федор Иванович осының қарымтасы ретіңде Тәуекелдің жиені Ораз-Мұхаммедті босатуға уәде етті. Тәуекел 1595 ж. 30 мамыр—30 шілдеде В. Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады. Тәуекел Бұхараны басып алмақшы болған шайқаста қаза тапты.