Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ (1873-1938 ж.), мемлекет қайраткері, акын, публицист, ғалым, ағартушы. 1891 ж. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-казак мектебін бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылдары Актөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде қазақ-орыс мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. А.Байтұрсыновның саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді.

1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы құзырхаты (петиция) авторларының бірі болды. Онда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне Қазақ елінін мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді, қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілдікесілді тоқтату талап етілді. Сол кезеңнен бастап жандармдық бакылауға алынған 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Оған тағылған айыпта: халық арасына іріткі салып «өзін-өзі автономиялық баскару идеясын таратты», «орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысты» деп көрсетілген. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 ж. 19 ақпанда А. Байтүрсынов қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес А. Байтүрсынов Орынборға 1910 ж. 9 наурызда келіп, 1917 жылдын сонына дейін сонда тұрды. Ол осы қалада 1913-18 ж. өзінің еңжакын сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қазақ зиялыларынын қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпы ұлттык«Қазақ»газетін шығарды.

А. Байтүрсынов 1917 ж. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтын құрамында болды. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп А.Байтүрсынов бекітті. 1919 ж. наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысының бөлімінің мүшесі болды. Ол 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде Қазақ әскери-революция комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. А. Байтүрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 ж. В. И. Ленинге Кеңес үкіметінін Қазақстаңды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. 1920 ж. тамызда құрылған ҚазАКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920-21 ж. ҚазАКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтын, 1922-25 ж. Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясынын, Қазақ өлкесін зерттеу коғамының төрағасы болып қызмет аткарды. А. Байтүрсынов түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген ұстаздык жұмысынан қол үзбеген.

1921-25 ж. Орынбордағы, 1926-28 ж. Ташкентгегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҮПУ) ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оку орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 ж. 2 маусымда 43 Алаш козғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдын соңына дейін тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. Орыс жазушысы 1934 ж. М. Горькийдің жүбайы Е. П. Пешкованың көмегімен А.Байтұрсынов отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады.

1937 ж. 8 казанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. 1988 ж. акталды. А.Байтұрсынов шығармалық жұмысын өлең жазудан бастаған. Акынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. А.Байтұрсыновтың екінші кітабы — «Маса» (1911 ж.). Кітаптың ішкі сазы мен ой-ернек, сөз орамы қазақ поэзиясына өзіндік жаңалык, ерекше өзгеріс әкелді. Көптеген өлендері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы толғамды ойларды өзінше жалғастырушы. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ», т. б. өлендері бар. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда А. Байтұрсынов зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашкы зерттеуі «Қазақтың бас акыны» деген көлемді мақаласы «Қазақ» газетінін 1913 ж. үш санында шықты. Қазақтың «Ер Сайын» атты эпостык жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау»деген атпен жеке кітап етіп жариялады. «Әдебиет танытқыш» (1926 ж.) кітабы қазақ тіліндегі тұнғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. А. Байтұрсынов әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиетгану ғылымының жүйесін жасады. А. Байтұрсынов тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж. Бакуде болған түркітанушылардын Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. А. Байтұрсынов қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912 ж.), «Тіл құралы» (1914 ж.), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924 ж.), «Жаңа әліпби» (1926 ж.) атты оқулықтар мен ғылыми енбектер ұсынды. А. Байтұрсынов қазақ тіл білімін 20 ғасырдың бас кезінде калыптастырып, оның іргетасын қалады. Ол араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. А.Байтүрсынов көркем аударма саласымен де айналысты. А. Байтұрсыновтың мол әдеби және ғылыми мұрасы ұзак үзілістен соң, 1989 ж. халқымен қайта қауышты. Қазақстандағы көптеген көшелер, оқу орындары, Тіл білімі институты, Қостанай университеті А. Байтұрсынов есімімен аталды. 1998 ж.оның туғанына 125 жыл толуы кеңінен атап өтіліп, Алматы қаласында республикалық ғылыми конференция өткізілді, әдеби-мемориалдық мұражай үйі мен ескерткіші ашылды. Ұлт ұстазының туғанына 125 жыл толуы Қарағанды облысында да кеңінен аталып өтті.